Жәй Анадан-Бай Анаға
Өмірді 1 балл, 1 минут, 1 адам, 1 қадам өзгертеді деп көп еститінмін. Сол менде де болатынын біреу айтса, үш ұйықтасамда сенбес едім..Бірақ болды. Менің Өмірімді өзгерткен-бір карта болды…Барлықтарыңызға сәлем. Есімім Нұргүл Қанатқызы. Орталық Қазақстан, Қарағанды қаласы, қымыздың отаны Жаңаарқа ауданының қызымын. Қазіргі таңда, Қарағанды қаласында тұрамын. Тұрмыста. Балаларым бар. Декреттегі Ана, Жеке кәсіпкер, осы трансформациялық ойындар жүргізуші, Ментор, Мастер(Наставник) қызметінде жүрмін. Осы трансформациялық ойынға келгелі 8 айдай болған екен. 8 айда-8 жылда болмаған өзгерістер болды. Тіптен қазір кейде өз өзіме сенбей қаламын. Біздің Т-ойындардың нәтиже беретініне, бірден трансформацияға ұшырататынына бірден бір мысал(живой кейс)-болғалы тұрмын. Менің мақаламның аты айтып тұрғандай, осы қысқа уақытта “Бай Анаға” айналдым. Ол болмас бұрын қандай едім:
-Өмірге өкпелі жан едім. Бала кезімде қиындық көп көрдік. Ата-ананың ажырасуы, жоқшылық, жалғыздық, сатқындық т.б.
-Өзін танымайтын, өзін қабылдамайтын жан. Мен үйдің екінші баласымын. Ата-анам “ер бала” қалаған екен, осыны естіп, қыз болсам да жақсымын. Бұл өмірге, махаббаттарыңа менде лайықтымын деген үмітпен, өзіме маска киіп келген едім.
-Бағытым, немен айналысатын білмедім. Жоғарыда айтқанымдай, үлкендерге жақсы көрінуім үшін, тіптен мамандығымды дұрыс таңдамадым. Балалық жүрек-дәрігер болсам дейтін. Соңғы шешуші сәтте, теміржол саласын таңдадым. Кейінгі өмірде, өте көп іздендім, бастаған ісім аяқсыз қалатын, соңы өзімді кінәлаумен бітеді.
-Декретте, жарымның бір айлығына қарап отырдым. Бұл орта есептегі отбасы үшін қалыпты болғанмен. Әйелдің ішкі жаны үшін, өзіңнің тиын-тебенің болғанға ештеңе жетпейтінін білетінмін.
Үйде айналысар ісі жоқ әйел баласымен, одан қалды күйеуімен алысары хақ..
-72 кг салмақ. Қанша спорт, дұрыс тамақтану, диета еш көмегін бермеді…
-Кредит/қарыз біздің отбасын да айналып өтпеді.
Тағы басқа бітпейтін “бытовухалық” өмірден түңіліп, ізденіс жолына түсіп. Психология әлеміне кірдім…
Есімнен кетпес сол сәт, сол бір карта(МАК).
Өмірімде үлкен із қалдырған, мен үшін аса маңызды тақырып Әкемен қарым-қатынас еді. Осыған дейін түрлі курс, сабақтар көріп тапсырмаларын жасасам да, нәтиже бермейтін.
Ал осы жолы тым ерекше. Осы МАК карта арқылы, 15жыл сақтаған зілдей жүгім кетті, ӘКЕМді кешірдім.
Тыныштық орнады. Бұл тыныштықты көптен күткен едім.
Осы жағдайдан соң, ҒАЖАЙЫПтар десем артық болмас, солар басталды.
-Ата/ананы толық қабылдадым
-Өзімді қабылдадым
-Сепарация. Ересек қалыпқа өту
-Қарым-қатынас реттелді
-18 кг еш диетасыз артық салмақ кетті
-Өз ісімді таптым. Игропрактик атандым. Кейін Ментор. Мастер болдым.
-5 кредитім жабылды, толық тәуелсіздікке шықтым. Қазір кредит/қарызым жоқ.
-Алғашқы шетелге Ойын Авторы және әріптестеріммен бардым. Дубайды көрдім. Миымдағы шектеулер кетті.
-Алғашқы бренд сырға
-Біреу емес, өзіме өзім сатып алып берген телефон(Айфон 14 про макс)
-7 жылдық арманым орындалды. Ақ көйлек(той көйлегі) кидім.
Мальдив аралына жолдасыммен бардым.
Қасымызда ұстазым Бақытгүл Болатқызы және әріптестерім болды.
-Айына 2.000.000 тг табыс
-Жаңа Орта, Дамушы Ханымдар т.б
Және бұл әлі бастамасы. Осы өзгеріске, “Жәй Анадан-Бай Анаға” өтуге көмектескен Жаратушыма, Ұстазым, ойын Авторы Бақытгүл Болатқызына мың алғыс.
Мен сияқты қарапайым қазақ қызына, бұл өмірде “Все Возможно и Нам Можно” дегенді көрсеткен, жеткізген.
Өз Өмірімнің Авторы-Мен екенімді. Мүмкін емес дүние-Мүмкін екенін көрсетті.
Және осы сезімді, сенімді, өмірді-әрбір Әйел сезінсе деймін.
Өміріңді өзгерткің келсе-Біздің Трансформациялық ойындарды қолдан дегім келеді.